Павлодар аумағында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғандар ұсталды

Спецслужбы Франции рекомендуют отменить церемонию открытия ОИ-2024 в Париже
Фото: freepik.com

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ұйымдастырушылар заңсыз күзет қызметінен 200 млн теңгеден астам пайда көрген. Олар оннан астам ойын-сауық мекемесіне қызмет көрсетіп келген.

Ұйымдастырылған қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдер облыс прокуратурасының үйлестіруімен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған Павлодар қаласының тұрғындарын анықтады. Олар рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

«Тергеу барысында қаланың 12 ойын-сауық орнында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілігі жоқ жас азаматтарды күзет қызметіне жинаған. Жастармен еңбек шарты жасалмаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдастырылған қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Полицияның есебінше, заңсыз күзет қызметі ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам пайда әкелген. Тәртіп сақшылары күзет қызметін жүзеге асыратын 30-ға жуық адамды, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушыларын ұстады.

Соңғы жаңалықтар