Павлодар билігі қаланың бас жоспарына сәйкес келмейтін баспана құрылысына рұқсат берген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар қаласының билігі өткен жылы 9 қабатты тұрғын үйлерді салуға мүмкіндік беретін жоспар жобасын бекіткен. Прокурорлар аталған жоба қаланың Бас жоспарына сәйкес емес екенін анықтады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан хабарлады. 

Строительство Строительный кран Многоэтажные дома Құрылыс Құрылыс краны Көп қабатты үйлер
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«2023 жылғы 30 қарашада Павлодар қаласы әкімдігі ауданы 364 гектар 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіткен. Аталған қала құрылысы құжаты Бас жоспардың талаптарына қайшы келеді, онда мұндай нысандарды 4-5 қабаттан аспайтындай етіп салуға рұқсат етілген», - деп мәлімдеді қадағалаушы органнан.

Прокурордың талап арызы бойынша жергілікті атқарушы органның актісі сот тәртібімен заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Сондай-ақ, прокуратураның хабарлауынша, бұдан бұрын қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Павлодар қаласының бас сәулетшісі қызметінен босатылған.

Еске сала кетейік, прокурорлар Павлодарда қоныс аударуға бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады.

Бұған қоса Павлодар прокурорлары ауызсу тарифін заңсыз көтерген кәсіпорынды жазалады.