22:37, 27 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Павлодар - Екібастұз тас жолында «Ауди» мен КамАЗ соғылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қызылорда - Павлодар» тас жолының «Павлодар - Екібастұз» бөлігінде жеңіл машина мен жүк көлігі соғылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Сағат 13:00 шамасында 50 жастағы ер азамат тізгіндеген «Ауди» көлігі мен 40 жастағы жүргізуші басқарған КамАЗ жүк көлігі жол бойында соқтығысты. Салдарынан, жеңіл автокөліктің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды», - дейді мамандар. Кінәлі деп танылған азамат 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 240 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар, 75 күн қамауға алынуы ықтимал. Ішкі істер департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады.