Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Полицияның мәліметінше, апат 29 маусым күні түстен кейін Назарбаев даңғылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, содан кейін бағдаршам бағанасы мен автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған.

— Апат салдарынан екі жаяу жүргінші қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Mitsubishi Carisma көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Осыған дейін Алматыда Әл-Фарабидегі жол апаты бойынша Александр Пак 10 жылға сотталғанын жаздық.