Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ауысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұған дейін Павлодар облысының бас сәулетшісі лауазымын атқарып келген Андрей Балашев Павлодар әкімінің коммуналдық және жер мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.
Балашов 1981 жылы туған. 2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтады. Еңбек жолын 2004 жылы «Архпроект-Т» ЖШС-да жобалаушы болып бастады.
Мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан астам. 2004-2006 жылдары Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы департаменті бөлімінің бас маманы, бастығы болды. 2006-2009 жылдары - облыстың сәулет, қала құрылысы, құрылыс басқармасы бөлімінің бастығы, 2009-2014 жылдары қаланың бас сәулетшісі болды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін сәулет, қала құрылысы, құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.