Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын жаңғырту мәселесі пысықталып жатыр
![None None](/static/img/plug.webp)
«Транзиттік рейстерге қызмет көрсету және ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдарында барлығы 22 әуежайдың ұшу-қону жолағы жағыртылды және салынды. Сондай-ақ, 16 әуежайда жолаушылар терминалдары салынып, қайта жаңартылды. Өткен жылы 5 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Орал және Қостанай әуежайларындағы терминалдар, Өскемен, Үшарал және Үржар әуежайларының ұшу-қону жолақтары жаңғыртылды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, биыл Алматы, Шымкент, Қызылорда және Қостанай қалаларында 4 жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын және рульдеу жолағын жаңғырту мәселесі пысықталуда», - деді Марат Қарабаев.