20:55, 25 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Павлодар қаласында 15-жасар жасөспірім терезеден құлап кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән - жайы мен себептері анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.