Павлодар қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні метеорологиялық жағдай Павлодар қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, басқа қалаларда ауа сапасы нашарламайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.