Павлодар қаласында Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы өтеді

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 13-інде Павлодар қаласында Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы өтеді.
None
None
Мәжілістің заңнамалық өндірісінде жатқан «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» үкіметтік заң жобалары күн тәртібіне шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен өтетін Қоғамдық Палатаның көшпелі отырысы Достық үйінде болады. Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Александр Саванков баяндама жасайды деп күтілуде. Күн тәртібіне сәйкес Мәжіліс депутаты Жақып Асанов баяндама жасап, Мемлекет басшысының кеңесшісі ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров, «Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанова, Қоғамдық Палата Төрағасының орынбасары, «Әділет» ҚДП-ның төрағасы Мақсұт Нәрікбаев сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Отырысқа қатысушылар заңнамалық, сот-құқықтық реформа, қорғаныс және қауіпсіздік секцияларының жетекшілері Серік Баймағамбетовтың, «Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия» ҮЕҰ-ның директоры Марат Бәшімовтің, Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьеваның сөздерін тыңдайды. Сол секілді көтерілген мәселе бойынша Павлодар облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ысқақ Тоқсамбаев баяндама жасайды. Баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін отырыс тақырыбы бойынша ұсыныс түрінде қорытынды құжатты қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар