Павлодар қаласында жасөспірім 8-қабаттан құлады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап, полиция тергеуге кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қаласында жасөспірім 8-қабаттан құлады
22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктіктен құлады» деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н. Назарбаев даңғылы 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, -

делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.