Павлодар қаласының әкімі жастармен бірге 100-ден астам қап қоқыс жинады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жастармен бірге сенбілікке қатысып, шара соңында кездесу өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі жастармен бірге 100-ден астам қап қоқыс жинады

Усолка шағын ауданындағы Ертіс өзенінің сол жағалауында қала әкімі мен жастар қауымы сенбілік өткізді. Шаһардағы 20-дан астам жастар ұйымының жетекшілері мен белсенділері қала басшысымен бірге 2 сағаттың ішінде адамдар табиғат аясында демалып, тастап кететін 100-ден астам қап қоқыс жинастырды.

Сенбіліктің аяғы Әнуар Күмпекеевтің қала жастарымен алғашқы кездесуіне ұласты. Кездесуде жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, олардың біршамасы шешілетіні айтылды.

«Жастардың сұрауы бойынша қалалық саябақтың қасындағы шығыршық тебетін алаң жөнделетін болады», - деді қала әкімі.

null «Сондай-ақ, жастар қысқы уақытта көрермендер отыратын орны бар, толық қамтылған футбол ойнайтын жабық нысан салуды өтінді. Бұл мәселе қаламызда бұрыннан көтерілген. Мердігер ұйым жұмысқа кіріскен. Мүмкіндігінше биыл пайдалануға беруі керек. Ал, қалалық «Жасыл елдіктер» сарбаздар санын 500-ге көбейтуді және жалақыларын арттыруды сұрауда. Бұл мәселе қарастырылатын болады. Оң шешімін табуы тиіс. Сонымен қатар, кездесуде Әнуар Күмпекеев жуырда «Павлодар еріктілер клубы» қайырымдылық шараларға шығу үшін керекті шағын автобустарын алатынын жеткізді.

Шара соңында қала әкіміне «Дені сау ұлт» қоғамдық қорының жетекшісі Айса Қабдулин кездесуге келген барлық жастардың қолтаңбасы қойылған футбол добын табыс етті.

Фото: ЖБДО/pavlodarnews.kz