Павлодар: Күдікті сөмкенің кесірінен сауда үйінен 160 адам сыртқа шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда полицейлер күдікті сөмкенің кесірінен «Барыс» сауда үйінен 160 адамды жедел сыртқа шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейтаныс жігіт саудагерлердің біріне сөмкесін уақытша тастап кеткен.

«Зат иесінің қайтып оралмауы сатушылар тарапынан күдік тудырған. Осылайша, сөмкеге өздері тиісуге қауіптенген саудагерлер бірден «102» нөміріне қоңырау шалған. Сауда үйіне жедел жеткен полицейлер арнайы құрылғылардың көмегімен тексеріс жүргізудің нәтижесінде сөмкеге ер адамға тиесілі киім-кешек салынғаны белгілі болды. Көп ұзамай оралған сөмкенің иесі Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол Павлодардағы оқу орындарының бірінде сессиясын жабуға арнайы келгенін жеткізген. Жігіттен жауап алған полицейлер студентті жолынан бөгемеді», - дейді баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Соңғы жаңалықтар
telegram