Павлодар маңында бағанаға соғылған көлікте жүргізуші қысылып қалған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Мерседес» жүргізушісі жарық бағанасына соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«10 желтоқсан күні сағат 10.00-де Павлодар қаласы Павлодарское ауылынан хабарлама келіп түсті, – деді журналистерге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. – «Mercedes Benz» автокөлігі жарық бағанасына соғылған».
Апат салдарынан жүргізуші көлікте қысылып қалған. ТЖД-ның мәліметінше, оны автокөліктен гидравликалық құралдың көмегімен шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Автор: Антон Гагарин