13:15, 05 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Павлодар мемлекеттік университетінің оқу үздіктеріне мемлекеттік гранттар табыс етілді
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын бұған дейін ақылы негізде оқып келген 79 оқу үздігіне гранттар тағайындалғанын салтанатты жағдайда жария етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 67 грант тағайындалып, қазақстандық студенттерге қолдау көрсету туралы Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы орындалды.
Университет ректоры өз сөзінде гранттарды тағайындауға студенттердің үлгерімі негіз болғанын атап көрсетті.
Дарынды жастарға университеттің өзі де қолдау көрсетіп, 12 студентке грант тағайындады.