Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу мерзімі қысқартылды - Қ.Бишімбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу мерзімі қысқартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

«Бүгін сіздің тапсырмаңыз бен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Үкіметтің өтен отырысында қарастырылған дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жоспары бойынша қандай іс-шаралар қабылданатындығы туралы баяндауға рұсқат етіңіз. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі желісі бойынша Қашаған кен орнының теңіз жерасты кешенін іске қосу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Толықтай алғанда, министрліктер мұнай өндіруді жаңғырту 2016 жылдың қазанында орын алады деп күтуде», - деді ол.

Сонымен қатар министр Ұлттық экономика министрлігі Шұбат, Ұзынқұдық, Шығыс Мәртөк және Көкжиек кен орындарында көмірсутегі шикізатын өндіруді арттыруға мүмкіндік беретін экономикалық сараптаманы бергенін атап өтті. Бұл жыл соңына дейін мұнай өндіру көлемін арттыруға септігін тигізетін болады.

«Энергетика министрлігі 2016 жылы мұнайды қайта өңдеу көлемін арттыру бойынша жөндеу жоспарының мерзімін оңтайландыру туралы шешім қабылдады. Павлодар мұнай өңдеу зауытын жөндеу мерзімі 5 күнге, Шымкент мұнай өңдеу өауытын жөндеу 18 күнге қысқартылды», - деді Қ.Бишімбаев.  

Соңғы жаңалықтар