Павлодар МӨЗ бензин шығара бастайды - Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар мұнай өңдеу зауытының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар МӨЗ бензин шығара бастайды - Бозымбаев

«Павлодар МӨЗ бүгін іске қосылды. Таңертең бас директорымен сөйлестім, мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы өз жұмысын бастады. Шамамен үш күнде жоғары октанды бензин дайын болуы тиіс», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

АИ-92 маркалы бензиннің жетіспеушілігінен зауыттар АИ-95 шығарылымын азайтты. Қ.Бозымбаевтың айтуынша, бұл мәселе қараша айында реттеледі.

Министрдің айтуынша, кеше Қазақстанға 64 мың тонна жанармай импортталды. Қазан айының соңына дейін ел аумағына тағы 100 мың тонна бензин жеткізіледі.