Павлодар мұнай-химия зауыты 1 млн тонна мұнай артық өңдейтін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай-химия зауыты 1 млн тонна мұнай артық өңдейтін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталуы 1 қарашаға жоспарланған. Премьер-Министр сондай тапсырма да берді. Жаңғырту жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтай алмай қаламыз-ау деген қандай да бір қаупіміз жоқ. Бұған қоса, өздеріңіз де білетіндей, зауыт жыл сайын ағымдық жоспарлы жөндеу жұмыстарына 1 айға тоқтатылады. 26 қазанда зауытта  жөндеу жұмыстарын қоса алғандағы жаңғыртудан кейінгі суық  ауа айдау жүргізіледі. 1 қарашада зауытты іске қосамыз», - деді Болат Бақауов.

Оның айтуынша, осыдан кейін зауыт 1 миллион тонна мұнайды артық өңдейтін болады. Жалпы Павлодар зауыты жылына 5 млн тонна мұнай өңдеуге қауқарлы. Бірақ ағымдағы жылы өндіріс ошағы 4,7  млн тонна мұнай өңдемек. Сонымен қатар Болат Бақауов АИ-92 маркалы бензин бағасының шарықтауына тек қана Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтатылуы себеп еместігін баса айтты.

«Біздің кәсіпкерлер мен жанар-жағармай құю стансаларымыз зауыттың 1 айлық жөндеу жұмыстарына тоқтатылатындығын біле отырып, осы аралыққа жететін қор жинап алулары керек еді. Біз жөндеу басталар алдындағы кезеңде жанар-жағармай құю стансалары қажетті қор жинап алулары үшін бұл мәселемен айналыстық», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум