Павлодар мұнай-химия зауыты сутегін өндіру құрылғысын сатты

Аталмыш компанияға Air Liquide 75 пайызы және «Қаз Мұнай Газдың» 25 пайызы тиесілі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Сату-сатып алу келісімшартына ПМХЗ-ның бас директоры Оспанбек Әлсейітов пен «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС-нің жетекшісі Ульрих Хайндль қол қойды. Сутегін өндіру құрылғысында шығарылатын сутегі дизель отынын, бензин мен әуе керосинін күкірттен гидрологиялық тазалау үшін қажет. Осының нәтижесінде бу өндіріледі. Air Liquide трансұлттық компанияда әлем бойынша өндірістің 50 құрылғысы бар. Air Liquide трансұлттық компаниясы Франциядағы штаб пәтермен 80 мемлекетте таныстырылған және үш миллион тұтынушыға қызмет көрсетеді. Келісімшарт «Қаз Мұнай Газ» АҚ-ның бағдарламасы аясында жасалған. Қазақстандық-француз компаниясының иелігіне барлық құрылғылар мен жабдықтарды құру кіреді. Ұлттық компанияда сутегін өндіру құрылғысын сату қазақстандық нарықтағы дизель отынының саудасына еш әсер етпейді.
«Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС техникалық мәселелер бойынша уәкілетті Тарас Кондратенконың айтуынша, жаңа басшының жоспарында құрылғыны жаңғырту қарастырылған. - Компанияның негізгі мақсаты - жабдықты пайдалану бойынша сенімділікті арттыру. Қарапайым құрылғы зауыт үшін тым қымбат екені белгілі, сондықтан пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында әлемдік тәжірибеге сүйенуге тура келеді. Алдағы уақытта Атырау мұнай-химия зауытынан азот және сутек өндірісі бойынша қуаттылықты сатып алу жоспарланып отыр, - дейді Тарас Кондратенко.
Еске сала кетейік, 2017 жылы 21 маусымда «ЭКПО» кезінде Астанада Павлодар мұнай-химия зауыты сутегін өндіру бойынша құрылғыны сатып алу үшін «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Құжат аясында Павлодар мұнай-химия зауытын «Эр Ликид Мунай Тех Газы» кәсіпорнына тиесілі сутегімен және бумен қамтамасыз ету, сонымен қатар, қолданыстағы сутегін өндіру құрылғысын жаңғырту және ПМХЗ-да жаңа сутегін өндіру құрылғысын салу жоспарланған.