Павлодар мұнай зауыты атом энергиясы саласындағы заңнама талаптарын бұзған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да атом энергиясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары орындалмайтындығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар мұнай зауыты атом энергиясы саласындағы заңнама талаптарын бұзған

ҚР Энергетика министрлігінен мәлім еткендей, ведомствоның Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті зауытта тексеру жүргізген.

«Оның барысында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттары бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу кезінде атом энергиясын пайдалану саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамағаны анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді», - делінген баспасөз хабарламасында.