Павлодар мұнайхимия зауыты авиаотын өндіре бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамырда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Павлодар мұнайхимия зауытында болып, кәсіпорынды жаңғырту жобасының іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, зауыттың бас директоры Шухрат Данбай Энергетика министріне жаңа технологиялық нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталуы туралы баяндады.
2017 жылғы 24 сәуірде Павлодар МӨЗ аталған технологиялық кешендерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын механикалық аяқтау туралы актілерге қол қойылды. Қазіргі уақытта бұл объектілерде, күкірт өндіру қондырғысы кешені шілде айында, ал изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысы -қыркүйекте аяқталуы жоспарланған, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін кәсіпорын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізіп, К4 (аналог Евро-4) экологиялық класты жоғарыоктанды автомобиль бензинін алуы керек. Жаңғырту аяқталғаннан кейін жоғарыоктанды автомобиль бензинін шығару 297 мың тоннаға дейін артады.
Қазіргі уақытта жаңғырту жобасы шеңберінде қолданыстағы: мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У)- дизель отынын және керосинді гидротазарту, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту, каталитикалық риформинг қондырғыларын қайта жаңарту жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалуда. Дизель отынын және керосинді гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту кәсіпорынға 2017 жылғы қараша-желтоқсан айларында К4, К5 стандартты дизель отынын және авиациялық отынды шығаруды бастауға мүмкіндік береді.
Жаңғырту аяқталғаннан кейін зауыт шығаратын барлық өнім Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына толық көлемде сәйкес келетін болады.