Павлодар мұнайхимиясы зауыты ішкі нарықты бензин мен дизель отынымен 100 пайыз қамтамасыз етеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Павлодар мұнайхимиясы зауыты керосин өндіруді биыл 2,5 есе ұлғайтпақ. Оны өндіріс орнының Бас директоры бүгін Алматыда өтіп жатқан 5-ші халықаралық мұнайгазөңдеу және мұнайхимиясы мен мұнай өнімдерінің KazRefinEx2010 симпозиумында мәлімдеді,

Павлодар мұнайхимиясы зауыты  ішкі нарықты бензин мен дизель отынымен 100 пайыз қамтамасыз етеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылы Павлодар мұнайхимиясы зауыты өндірісті қайта құрмай-ақ битум өндіруді 3 пайызға ұлғайтып 200 мың тоннаға, ал керосинді 2,5 есе арттырып 200 мың тоннаға жеткізуге міндеттеме алды. Енді 1 зауыттың өзі ішкі нарықты бензин және дизель отынымен 100 пайыз қамтамасыз ететін болады», дейді өндіріс орнының Бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, бұл жоспарды жүзеге асырудың арқасында Атырау мұнай өңдеу зауыты еш алаңдаусыз ароматикалық көміртегі өндіру бағытындағы жұмысын жандандыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнай өнімдері импортын азайтуды жалғастыруға жол ашады. Қазір 2010-2014 жылдарға арналған даму жоспарын жүзеге асыруға зауытта ешқандай түйткіл мәселе жоқ.