Павлодар облысы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

су
Фото: Есенжол Исабек

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Бүгін түсте жалпы көлемі 60 тонна заттар мен тауарлар тиелген керуен жолға шықты. Кезекті көмек Петропавл қаласына жеткізіледі.

«AMANAT» партиясы өңірлік филиалының мәліметінше, 60 тонна тиелген үш жүк көлігі Павлодар мен Екібастұз қалаларынан Петропавл қаласына аттанды. Көрші өңірге гуманитарлық көмекті жинауға жанашыр тұрғындар, кәсіпкерлер, бірнеше саяси партия өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Ертіс» футбол клубы, Ауған соғысының ардагерлері, еріктілер және т.б. қол ұшын созды. 

су
Фото: Есенжол Исабек

Бұған дейін тасқын судан зардап шеккен көрші өңірлерге Жастар бастамаларын дамыту орталығынан 13 тонна, «Республика» партиясы мен «Жебе» қоғамдық бірлестігі атынан 40 тонна, депутаттар, «AMANAT», Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, кәсіпкерлер атынан 20 тонна, сондай-ақ Павлодар мұнай-химия зауыты тарапынан 20 тоннаға жуық көмек жөнелтілген болатын. Азық-түлік, жылы киімдер, көрпе, ыдыс-аяқ, күрек, мотопомпа, қап, сорғы және басқа да қажетті құрал - жабдықтар жеткізіліп жатыр. 

су
Фото: Есенжол Исабек

Павлодар облысының жұртшылығы осы уақытқа дейін 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетті. 

су
Фото: Есенжол Исабек
су
Фото: Есенжол Исабек
Соңғы жаңалықтар