Павлодар облысында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз ауданының Қарасор ауылында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекетін ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

құтқарушы көлігі, өрт сөндіруші
Фото: ТЖМ

Жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, ауылдық аумақтарды қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.

Павлодар облысында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті іске қосылды
Фото: ТЖМ

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ведомство басшысы ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Павлодар облысында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті іске қосылды
Фото: ТЖМ

Оның айтуынша ауылдық жерлерде «Ауыл құтқарушылары» желісін дамыту төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

рация
Фото: ТЖМ

— Бұл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өңірде құрылған жетінші бекет. Ол Қарасор, Құдайкөл және Құлакөл атты үш елді мекеннің жедел өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді, онда шамамен 900 адам тұрады. Енді көмек бұрынғыдан да жақын болып, әрекет ету уақыты жеделдей түседі, — делінген хабарламада.

Павлодар облысында 168-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті іске қосылды
Фото: ТЖМ

Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады.

жатақхана, құтқарушы демалатын бөлме
Фото: ТЖМ

Бөлімше барлық қажетті құралмен толық жарақталған: заманауи автоцистерна, өрт-техникалық жабдықтар, жауынгерлік киім-кешек және байланыс құралдары. Тұрмыстық аймақтар мен демалыс үй-жайлары қарастырылған.

құтқарушының экипировкасы
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын елімізде 163-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылғанын жазғанбыз.