Павлодар облысында 20 мыңнан аса киік бар

экология
Фото: Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Жұп тұяқты жануарлар Май және Баянауыл аудандарын мекен етеді. Олардың табиғи ортадағы көбеюі мен күйі қанағаттанарлық деп танылып отыр.

Бұл туралы өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан хабарланды.

павлодарлық табиғатты қорғаушылар
Фото: Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

«Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, Зоология институты, «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі РМҚК өкілдерінің және Павлодар мен Қарағанды облыстарындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының қатысуымен Павлодар облысындағы ақбөкендердің санына мониторинг жүргізілді. Жануарларды әуеден бақылау арқылы Май және Баянауыл аудандарын мекендейтін жағдайы зерделенді. Жалпы облыс аумағында шамамен 20 мыңнан астам киік бар», - деп мәлімдеді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан.

әуеден барлау
Фото: Видеодан кадр

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар