Павлодар облысында 33 ауыл мектебі Starlink интернет желісіне қосылады

мектеп
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Пилоттық жоба бойынша келер жылы 33 білім ұясын спутниктік желіге жалғау көзделіп отыр. Бастапқы сәтте географиялық тұрғыдан қолайсыз орналасқан шалғай елді мекендер қамтылады. 

Өңірлік білім және цифрлық технологиялар басқармалары 2025 жылы ауылдық мектептердегі ғаламтор жылдамдығын айтарлықтай арттыруды көздейтін жоба әзірледі.

Оның аясында Илона Масктың Starlink спутниктік интернетіне 33 білім мекемесін қосу жоспарланған.

Нәтижесінде мектептердегі ғаламтор жылдамдағы секундына 100-200 мегабитке дейін ұлғаяды.

Баянауыл ауданының аумағындағы көп жерлер таулы-тасты болуына орай, оптикалық желіні тарту мүмкін.

Сондықтан осы аумақтағы білім ұялары көбірек қамтылмақ.

Облыста тағы 77 мектепке «Қолжетімді интернет» бағдарламасы бойынша оптикалық талшықты желі тартылады деп күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар