Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым алқабы халыққа қайтарылды

Прокурорлық талдау
Фото: СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар облысында  Аққулы ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 5 млрд теңгенің жайылымдық жерлері халыққа қайтарылды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.

«Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген. Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген», — делінген хабарламада.

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жайылым алқабы мақсатты пайдалануға берілді. 

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum