Павлодар облысында былтыр қылмыстық істер 23%-ға өскен
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Былтыр өңірдегі тергеу соты қараған материалдардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Жалпы қаралған істердің 53 пайызы талапкерлердің пайдасына шешілген.
Жергілікті соттар қарайтын қылмыстық істердің саны ұлғайып келе жатыр.
Өңірлік қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаевтың хабарлауынша, былтыр соттарға келіп түскен қылмыстық істердің 23%-ға өскені байқалды.
«Тергеу сотының жүктемесі 2022 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға, әкімшілік құқық бұзушылық сипатындағы істер 0,3%-ға артты» деп мәлімдеді ол.
Азаматтық істер бойынша да арыздар 6%-ға өсіп, шешім шығарумен қаралған істердің саны жалпы саны 17,2%-ға ұлғайған.
Ал талаптардың түсуі керісінше 13,3%-ға азайыпты.