Павлодар облысында есірткі саудасымен айналысқан 24 азамат сотталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Сотталғандар интернет-дүкендер арқылы есірткі сатумен шұғылданған. Олардан жалпы салмағы 424 килограмнан астам есірткі түрлері тәркіленген.

ІІМ Антикормен бірлесіп елордаға синтетикалық есірткі жеткізетін ірі орталықты жойды
Фото: polisia.kz

Былтыр жергілікті соттар 24 азаматты есірткі бизнесімен айналысқаны үшін соттады.

Ұсталғандардың көбі есірткіні қала көшелерінде жасырып кетумен шұғылданған. Синтетикалық есірткінің ірі партияларын қабылдай отырып, заңсыз жолмен бөлшек саудаға шығарып отырған.

- Сот отырыстары барысында айыпталушыларға 78 эпизодты қылмыс жасады деген айып тағылды. Ұсталғандардан 424 килограмнан астам есірткі тәркіленді. Оларды полиция ведомствосының есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі қызметкерлері ұстаған. 24 азамат түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды- деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.