Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында қайтарылған қаражатқа 13 әлеуметтік нысан салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен 13 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды. 

сумен жабдықтау
Фото: UKIMET

Іске асырылған жобалардың қатарында Ақсу қаласындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту, Баянауыл ауданының Шоманкөл және Шонай ауылдарында су құбырларын салу, Ертіс ауданының Ленин ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылуы, Екібастұз қаласына қарасты Байет ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің, Күркөл, Мыңкөл және Ивановка ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы, сондай-ақ Павлодар қаласындағы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту.

Аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және мыңдаған отбасының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Айта кетелік Алматыда қайтарылған активтер есебінен 49,3 км су және кәріз желісі жаңартылған еді