Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 2 015 шетел азаматы жауапқа тартылды

Қазіргі уақытта облыс аумағында 8 654 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Былтыр 8,5 мыңнан астам азамат полиция органдарына тіркелген, деп хабарлайды Kazinform.

жауапқа тартылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Өзге елден келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 490 азамат және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

«Ал, жалпы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2015 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот өзге елдің 121 азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Былтыр Павлодар облысында тұрып жатқан 853 шетелдік ҚР азаматтығын алған. 

Соңғы жаңалықтар