Павлодар облысында құны 2 млрд теңге жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

жер
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Павлодар облысында прокурорлардың актілері бойынша құны 2 млрд теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 га жайылымды негізсіз беру фактісін анықтады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

Облыстың МАЭС шешімімен Департаменттің талап қоюдан бас тартылды.

Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды, құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар