Павлодар облысында өрттен үш бірдей көлік зақымданды

АСТАНА. KAZINFORM – Павлодар облысында ТҚО-дан шыққан өрттен үш бірдей көлік зақымданды.

Өрт
Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға бүгін Павлодар қаласында болды.

«Өрт салдарынан үш көлік зақымдалды. Құтқарушылар жалын ішінен бір газ баллонын алып шықты.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 80 шаршы метр алаңда от сөндірілді», — деп жазды ТЖМ-нан.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталды.