Павлодар облысында шегірткеге қарсы 116,7 мың гектар жер өңделді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 116,7 мың гектар алқапқа шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілген. Тағы 173,5 мың гектар жер арамшөптерге қарсы химиялық өңдеуден өтті.

шегіртке
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ертіс-Баян өңірі шегірткеге қарсы өңдек жоспарын 100%-ға орындады. Облыс бойынша шегірткеге қарсы 116,7 мың гектар алқап өңделді. 

«Бұған қоса Омбы, Новосібір облыстарының және Алтай өлкесінің 13 ауданымен шекаралас аумақтардағы 55,5 мың гектарға мониторингтік тексерулер жүргізілді. Карантинге жатқызылған өнімді өткізу кезінде фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін 113 заң бұзушылық анықталып, 12,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Аумақтық инспекцияға, фитосанитариялық диагностика және болжау орталығының облыстық филиалына 2025 жылы химиялық өңдеудің болжамды көлемі үшін егістіктердің «септариоз», «тот» ауруларымен ластануына, жұмыртқа салу кезеңінде шегіртке зиянкестеріне уақтылы тексеру жүргізу жүктеліп отыр. Сондай-ақ Ресеймен және еліміздің өзге де облыстарымен шекаралас аудандарда фитосанитариялық жағдайды ерекше бақылауда ұсталуда.

Еске сала кетейік, Үйірлі шегірткемен күреске ел бюджетінен 8,1 млрд теңге қаражат бөлінеді. 

Соңғы жаңалықтар