Павлодар облысында жаңа мектеп ашылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жаңа білім ұясы 120 оқушыға лайықталған. Мектеп заманауи жабдықтармен, STEM-зертханамен, IT, робототехника және 3D-модельдеу сыныптарымен жабдықталған. 

мектеп
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар ауданының Сычевка ауылында жаңа мектеп ашылды. Ғимарат сонау 1975 жылы салынған, апаттық жағдайда тұрған ескі білім беру ошағының орнында бой көтерді, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен. 

мектеп
Фото: Валерий Бугаев

Заманауи үлгідегі 120 орындық мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов оқушыларға жақсы білім алып, зор жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді. 

— Мемлекет басшысы „Еліміздің дамуы — жас ұрпаққа байланысты“ деп атап өткен болатын. Біз оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға көп көңіл бөлудеміз. Сычевка ауылындағы мектеп — бұл аймағымыз бойынша апатты жағдайдағы ескі ғимараттардың орнына салынған үшінші мектеп. Біз осы жылы да басқа елді мекендерде мектептер мен балабақшалар салуды жалғастырамыз. Бұл біздің балаларымыз үшін ауылда жайлы жағдай жасаудың тағы бір қадамы болмақ, — деп атап өтті әкім. 

Сонымен қатар, ол ERG тобының акционерлеріне де алғысын білдірді. Жаңа мектептің құрылысы ERG мен Павлодар облысының әкімдігі арасында жасалған меморандум аясында жүргізілді. Жобаға салынған инвестиция 1,08 млрд теңгені құрады. 

үлгідегі мектеп
Фото: Валерий Бугаев

Аумағы 1498 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат заманауи жабдықтармен, STEM-зертханамен, IT, робототехника және 3D-модельдеу сыныптарымен жабдықталған, led-дисплейі бар мәжіліс залы, спорт залы, асхана және кітапхана орналасқан. Цифрлы микроскоптар мен виртуалды-цифрлық зертхана сатып алынды. Сондай-ақ, мектепте «Еркетай» шағын орталығы мен мектепке дейінгі білім беру орталығы ашылды.

 

Соңғы жаңалықтар