Павлодар облысында жастарды жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Құрылатын жұмыс орындарының 71%-ы тұрақты болады. Жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттар үлестіру арқылы бизнес-идеяларды қолдау көзделген.Билік органдары жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасында тұрақты еңбек орындарының көбірек болуына және негізінен жастардың қамтылуына көңіл аударатыны байқалады.

Ақтөбе облысы
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

«Павлодар облысында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 26,6 мың жұмыс орнын құру көзделген, оның 71%-ы тұрақты. Дейтұрғанмен бұл көрсеткішті біз асыра орындаймыз деп үміттенеміз. Былтыр 25,2 мың адамды еңбек орындарымен қамту жоспарда болғанымен шын мәнінде 30,6 мың адам екі қолға — бір күрек тапты. Құрылған жұмыс орындарының 20,1%-ы -сауда-саттық, 13,3% — ауыл шаруашылығы, 11,3% — білім және 107%-ы өнеркәсіп салаларында. Жас кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріледі.  «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы мөлшерлемесі 2,5%-бен жалпы сомасы 820 млн теңге бөлінеді. Бұл 164 жас кәсіпкердің өз жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік тудырады», - деп мәлімдеді өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Бұған қоса ауыл шаруашылығы саласында да шағын несиелер беріледі. Ал өздерінің инновациялық бизнес-идеяларын ұсынатын азаматтар 1,4 млн теңгелік қайтарымсыз гранттарды иелене алады. Мұндай мүмкіндікке 443 азамат ілігеді деген жоспар бар.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында білім, ауыл шаруашылығы, медицина салаларында мамандар тапшылығы сезіледі.

Соңғы жаңалықтар