Павлодар облысында балық аулауға кеткен адамның денесі табылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - 19 ақпан күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған азамат жоғалып кетті. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

тікұшақ
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесін көрді.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық қызмет, Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесі, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.

Соңғы жаңалықтар