Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр. 

Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita/

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

— Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Павлодарда із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі өзеннен табылды.

Соңғы жаңалықтар