Павлодар облысында жол жабылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

2026 жылғы 11 наурыз сағат 17:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы аралығында (Атамекен ауылы – РФ шекрасы) барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін ҚазАвтоЖол екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған еді.

 

Атыраудағы жағажайлар
Ұқсас жаңалықтар

Атыраудағы 3 жағажайды шомылу маусымына дайындауға 91 млн теңге бөлінді