Павлодар облысында жол жөндеу кезінде сүйек қалдықтары табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Табылған сүйектер бойынша полицейлер сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

Павлодар облысында жол жөндеу кезінде сүйек қалдықтары табылды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Полицияның мәліметінше, 14 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданы Жанауыл ауылы маңындағы жол жиегіндегі жерден сүйек қалдықтары табылған.

— Жол жөндеу жұмыстары кезінде кюветтен жұмысшылар сүйек фрагменттерін тауып алды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық ПД.

Айтуларынша, процессуалдық шешім тек кешенді іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ғана қабылданады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлда жер қазу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылған еді