Павлодар облысының 33 ауылында әлі жарық жоқ
Қатты дауылдан кейін Павлодар облысының кей ауылдарында электрмен жабдықтау әлі қалпына келмеді. 33 елдімекен тұрғындары екінші күн қатарынан жарықсыз отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Павлодар облысында қарашаның 18-нен 19-на қараған түні желдің ұйытқуы секундына 37 метрге жетті.
Коммуналдық қызмет әлі де дауылдан зақым келген жерлерді қалпына келтіріп жатыр.
Сол түні әуелде есептелгеннен көбірек ғимарат шатырсыз қалғаны белгілі болды.
— Жалпы 183 ғимараттың шатыры ұшып кеткен. 117 елдімекенде электр энергиясы сөнді. Қазіргі уақытта оның 84-і қалпына келтірілсе, 33 ауыл әлі де бақылауда тұр, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.