Павлодар облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Серік Халелов өңірлік Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Серік Халелов
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Серік Абдоллаұлы Халелов 1974 жылы туған.

Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

1993–2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы;

2007–2012 жылдары — Олимпиадалық резервті даярлау орталығының басшысы;

2012–2013 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;

2013–2025 жылдары — Өскемен және Астана қалаларындағы дене шынықтыру мен спорт саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарда басшылық және атқарушы лауазымдарда;

2026 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында спорт әдіскері болып еңбек етті.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшы келді.