Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Иран Шаметеков облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Иран Шаметеков
Фото: Валерий Бугаев

Иран Маратұлы Шаметеков 1975 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Д. А. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бизнес әкімшілендіру магистрі, PhD докторы.

Әр жылдары жауапты лауазымдарда еңбек етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болды. «Шапағат» медалінің иегері.

Еске сала кетейік, елімізде кредиттік қарызы бар медициналық ұйымдар саны 26%-ға азайды 

Өткен жылдың соңында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 44%-ға, ал мерзімі өткен берешек 19%-ға төмендеген.