Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңір басшысының өкімімен Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Ердос Жүсіпов тағайындалды.
Ердос Жанатұлы 1989 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Торайғыров университетін «Computer Science» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өңірлік кадр резервінің мүшесі.
⠀
Еңбек жолын 2011 жылы «Шаһар Press» ЖШС-де тілші болып бастаған. 2014-2023 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
⠀
2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «PetroRetail» ЖШС-нің Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша филиалында өңірлік менеджер қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, Павлодар облысы әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды.