Павлодар облыстық ауруханасының аумағында жаңа инфекциялық бөлімше бой көтереді

None
None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының аумағында инфекциялық бөлімше ашылады. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарына есеп берген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл соңына дейін жеті жарым мың шаршы метрлік аумақта 60 төсек-орынға шақталған инфекциялық аурухана бой көтереді. Қазіргі таңда өңірдегі барлық ауруханалар қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Біздің басты мақсат – індеттің алдын алып, оның өршуіне жол бермеу», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінген. Бөлімше «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Нәтижесінде 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған.

Құрылыс жұмыстарын мердігер компания желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Автор: Әлихан Асқарұлы



Соңғы жаңалықтар
telegram