Павлодар облысы әкімдігі алдағы сайлауға қатысатын үміткерлер туралы ақпараты теріске шығарды
Бұған дейін желіде Павлодар облысының Шарбақты ауданында мәслихат сайлауының жеңімпаздары қазірді өзінде белгілі болып қойғаны туралы мәлімет тараған болатын.
«Қазіргі таңда БАҚ пен әлеуметтік желіде облыс аудандарының бірінде Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауына негізгі және балама кандидаттардың тізімі туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала мен аудан әкімдіктері мұндай жұмыстарды жүргізбейді», - делінген ресми мәліметте.
Әкімдік сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысаатынын еске салады.
«Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде дауыс беруге арналған учаскелерді орналастыру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды», - деп толықтырды әкімдік.