Павлодар облысы Астананың 20 жылдығына веложол сыйға тартады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұзындығы 11 шақырым веложол сыйға тартады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен  кеңейтілген  отырыста  ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Гладышева айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Бүгінгі таңда өңірде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығы аясында 700-ден астам  шара жоспарланған», - деді Светлана Гладышева. - Қалалар мен аудандарда 10-наурыздан бастап Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шаралар бастау алды.  Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай салынатын веложолдың құрылысы 10 наурызда басталып, 2018 жылдың маусым айында аяқталады. Бұдан басқа, 2017 жылдың 10 желтоқсаны -  2018 жылдың 16 шілдесі аралығында  70-тен астам әлеуметтік-өндірістік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде «Проммашкомплект» сияқты ірі жобалар  бар».  

  Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы  Нұрлан Қақамбетовтың айтуынша, 2018 жылдың 8 ақпанынан бастап веложолға қатысты Астана қаласының әкімдігімен тиісті құжаттар дайындалған. Мердігер  бордюр тастары мен инертті материалдарды жүз пайыз дайындап қойған. Бүгінгі таңда орындықтар сатып алынуда. Асфальт төсемесі  бір үлгіде болуы үшін алты облыс бір материалды қолдануы тиіс.  Осыған байланысты бірнеше зауытпен келіссөз жүргізілуде. Алты  өңірдің ішінде Павлодар облысы алдыңғы қатарда келеді.  Қаржыландыруға байланысты ешбір мәселе жоқ. Аймақ басшысы Астана қаласының орталығында  веложол салу Павлодар облысы үшін зор мәртебе екенін атап өтті. Сонымен қатар  ол мерекеге дейін беларусь трамвайларын жеткізуді тапсырды.

«1 шілдеге дейін вагондар жеткізілуі керек», - деді Болат Бақауов. -  Қажет болған жағдайда елшілікпен  байланысқа шығыңыздар. Біз олармен келісімшартты  ұзартқан жоқпыз. Қанша қажет болса да күтуге дайынбыз. Дегенмен олар айыппұл санкциясы жүріп жатқанын ойлауы керек». 

Соңғы жаңалықтар