11:47, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Павлодар облысы ? индустрияландыру бағдарламасының алдыңғы қатарында
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Нұркен Сәкенов/ - Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының тірегі болуы керек индустрияландыру үрдісі біртіндеп жүзеге асып келеді. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің аймақтарға жасаған жұмыс сапарының барысында осы жайт айқын байқалды.
Үкімет басшысы Павлодар облысына жасаған сапары барысында Екібастұз Жылу-энергия орталығында болды және турбинаны іске қосу рәсіміне қатысты, Ақсу ферроқорытпа зауытында болып, агломерациялық цехтың құрылыс барысымен танысты, «HAGI-Павлодар» - ЖШС-нің кірпіш шығаратын зауытын іске қосу рәсіміне қатысты, тағы да бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Павлодар облысында 424,2 миллиард теңге соманың 37 жобасы жүзеге асырылуда, 75 кәсіпорын халықаралық стандарттардың сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаттары бойынша жұмыс істейді, тағы 8 кәсіпорында осы стандарттарды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде сондай-ақ «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 276,2 миллиард теңгенің 3 серпінді жобасы жүзеге асырылуда. Біріншісі - жылдық қуаты 250 мың тонна алюминий өндіру жөніндегі электролиз зауыты, бұл жобаны жүзеге асыру мерзімі ? 2005-2011 жылдар, жобаның бастамашысы - «Қазақстанның электролиз зауыты» АҚ. Екінші жоба ? жылдық қуаты 30 мың тонна хлор және мембраналық әдіспен каустикалық сода өндіретін зауыттың құрылысы. Бұл жоба 16,2 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Үшінші жоба - Екібастұз 2-ГРЭС стансасында салынып жатқан қуаты 500 МВт үшінші энергоблоктың құрылысы. «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асырып жатқан бұл жобаның құрылысы 2013 жылға қарай аяқталады. Сондай-ақ облыста 53,9 миллиард теңге соманың тағы 3 жаңа инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда: олар - кальцилендірілген сода өндірісі, Екібастұздағы «Таман» ЖШС-ның базасында құрылатын жүк вагондарын жасау өндірісі және рельс-арқалық өндірісі. Ағымдағы жылы сонымен бірге, жеке қаражаттарға салынып жатқан жалпы құны 13,2 миллиард теңгенің 6 жобасы іске қосылады. Олар ? метил-трет-бутил эфирі мен полипропилен шығаратын зауыттың, жалпы жылдық қуаты 75 миллион кірпішті құрайтын екі кірпіш зауытының құрылысы, құрыштан жіксіз құбырлар жасау өндірісі, Екібастұз Жылу-электр орталығына қуаты 12 МВт турбина орнату жобасы және өнім сапаларын арттыру үшін сутегі өндіру жөніндегі қондырғының құрылысы.
Павлодардың индустриялық дамуы - Қазақстан үшін өте маңызды. Мұны Премьер-Министр өз сөзінде атап көрсетті. «Павлодар облысына келуі - «Нұр-Отан» съезінен кейінгі алғашқы сапары екенін» айтып өткен Кәрім Мәсімов, «партия съезінде қабылданған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен байланысты Үкіметке бірқатар тапсырмалар берілгенін» айтты. «Облыс аумағында аралаған нысандар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезінде жария еткен дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамудың жоспарын жүзеге асыруға барлық алғышарттар жасап отыр», - деді Үкімет басшысы.