Павлодар облысы қалаларының «азық-түлік белдеуін» құруға «Ертіс» ӘКК қатысады
ПАВЛОДАР. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев аймақ қалаларының төңірегінде «азық-түлік белдеуін» құруды «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ермек Көшербаевпен бірге талқылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге байланысты мәселелерді шешуді тездетуді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жақында аймаққа жасаған сапарында тапсырған болатын.Павлодарда іске асыру жоспарланып отырған алғашқы жобалардың бірі ? қарақұмық жармасын шығаратын зауыт. Қазіргі кәсіпорын жанданады және дамытылады, шығаратын өнімдерінің түрлері кеңейтіледі.«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен ынтымақтасу қайта өңдеу саласын дамытуды нығайта түсетін болады», ? деді Б.Сағынтаев. Ол ӘКК-нің аймақ кәсіпорындары негізгі қорларына үлестік қатысуын қарауды ұсынды.