Павлодар облысы онкологиялық ауру бойынша республикада екінші орында тұр

ПАВЛОДАР. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысы қатерлі ісікпен ауыратындардың деңгейі бойынша республикада екінші орында тұр.

Павлодар облысы онкологиялық ауру бойынша республикада екінші орында тұр

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов өткізген мәжілісте өңірдің дамуының негізгі бағыттарын айқындаған облыс әкімі Ерлан Арын мәлім етті. 

«Облыста онкологиялық аурумен ауыратындардың көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 1,5 есе артық. Бүгінгі күні 10 мыңға жуық адам онкологиялық диспансердің есебінде тұр. Жыл сайын бұл есепке 2 мыңнан астам адам тұрады», - деді Е. Арын.

Қазіргі уақытта облыс орталығында жұмыс істеп отырған емхананың мамандандырылған арнайы мекемесі жоқ. Ол 1960 жылы салынған жатақхананың ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ онкологиялық диспансердің бөлімшелері қаланың әр бөлігінде орналасқан ғимараттарда жұмыс істеуде.