Павлодар облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымынан босатылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында Юрий Колесников Павлодар облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz. 
None
None

Мұндай ұсынысты облыс әкімі аппаратының жетекшісі Расул Оразғұлов жеткізді. - Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 29-бабы, бірінші тармағы, төртінші тармақшасына сәйкес Юрий Юриевич Колесниковты жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатуды қолдауларыңызды өтінемін, - деді Расул Оразғұлов.

 Депутаттар бұл ұсынысты қолдап дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар